«101» Қызметі

         Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлайды: өткен аптада 2019 жылдың 08 сәуірмен 14 сәуір айы аралығында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері дабыл бойынша–15 рет шықты, оның ішінде 4 өрт жағдайы, жану жағдайы- 8рет, авариялық-құтқару жұмыстары–3 рет.

Кейбір мәліметтер:            

         1. 09.04.2019ж. 03 сағ. 41 мин.   Мұнайлы ауданы, Басқұдық селолық округі, Жадыра көшесі, №54 үй. Үйдің ауласында бөлек орналасқан бір қабатты, тастан қаланған төбесі профнастилмен жабылған, моншаның толықтай жануы және жалғанып салынған азық-түлік дүкенінің шатырының жануы. Азық-түлік дүкені толықтай ысталған. Жану көлемі 40 ш/м. Жалпы көлемі 160 ш/м. Зардап шеккендерСебебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр.

         2.12.04.2019 ж. 07 сағ. 30 мин. Қарақия ауданы Жетібай ауылы Күржіманұлы көшесі №18/1 үйдің ауласында орналасқан 1 қабатты тастан қаланған төбесі шифрмен жабылған сарайдың ішіндігі тұрмыстық заттарымен бірге толықтай жануы. Жану көлемі 20 ш/м. Зардап шеккендер жоқ. 

         3. 12.04.2019ж. 14 сағ. 00 мин. Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, 14-ші шақырымда орналасқан өндірістік базаның аумағында тұрмыстық вагонның толықтай жануы. Жану көлемі 20 ш/м. Зардап шеккендер жоқ. Себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр.

        4. 12.04.2019ж   14 сағ. 30 мин.   Мұнайлы ауданы, Атамекен селолық округі, Шағала көшесі, №308 үйдің ауласында орналасқан гараждың жартылай және ішіндегі құжаттардың жануы туралы үйдің иесінен ауысша арыз келіп түсті. Зардап шеккендержоқ.. Себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр.

                                        Құрметті Маңғыстау тұрғындары!

         Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету сұрақтары, құқық қорғау қажеттіліктері, Өрт сөндіру қызметінің қызметі туралы ақпарат алу бойынша халықтың шағымы мен ұсынысын жедел қабылдау үшін «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің сенім телефондары: 43-55-06.

«ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ (Ақтау қаласы)» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының баспасөз хатшысы